Skip to content

Алдын ала бағыт беру аясында  Холландтың (RIASEC) диагностикалық сауалнамасы

Холландтың RIASEC диагностикалық сауалнамасы білім алушылардың кәсіби қызығушылықтарын, бейімділіктерін және тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға арналған психологиялық әдістеме болып табылады.                                 Аталған сауалнама білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты – оқушылардың қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес кәсіби бағыттылығын айқындау және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға көмектесу.                                                       Сауалнама 10 сұрақтан тұрады және әр сұраққа 6 жауап нұсқасы ұсынылады. Оқушылар өздеріне ең сәйкес келетін жауапты таңдайды. Нәтижелерін өңдеу барысында әрбір жауап белгілі бір кәсіби типке сәйкестендіріліп, олардың саны есептеледі.                                                                                                  Холланд теориясы бойынша кәсіби қызығушылықтар алты негізгі типке бөлінеді: практикалық (R), зерттеушілік (I), шығармашылық (A), әлеуметтік (S), кәсіпкерлік (E), дәстүрлі (C).                                                                                       Сауалнама нәтижелері білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жоспарлауда және ұйымдастыруда тиімді қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *