Мақсаты: Оқушылардың бойында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру, отбасылық жылулық пен татулықты насихаттау, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Көрме барысында оқушылар өз отбасыларымен түскен фотосуреттерін ұсынып, әрбір сурет арқылы отбасының бірлігі мен берекесін, қуанышты сәттерін бейнеледі. Ұсынылған фотосуреттерде ата-ана мен бала арасындағы сыйластық, қамқорлық, сүйіспеншілік көрініс тауып, көрме мазмұнын байыта түсті.
Іс-шараға 1-11 сынып оқушылары белсенді қатысып, фотосуреттер мектептің арнайы безендірілген көрме бұрышына орналастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, отбасы туралы жылы естеліктерімен бөлісті.

