Skip to content

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында                  «Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы эссе байқауы

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернет кеңістігін қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалану дағдыларын қалыптастыру, кибербуллингтің, интернет-алаяқтықтың және зиянды контенттің алдын алу, сондай-ақ ақпараттық мәдениетті дамыту.

Байқау барысында Қазақ тілі пәні мұғалімі Бек Д.Қ оқушыларға «Қауіпсіз интернет» тақырыбы бойынша жан-жақты түсіндірме жұмысын жүргізіп, интернеттегі қауіп-қатер түрлері, жеке деректерді қорғау, желідегі этика және жауапкершілік мәселелері туралы мәлімет берді. Оқушылар ұсынылған ақпарат негізінде өз ой-пікірлерін жүйелеп, эссе жұмыстарын жазды.

Қатысушылар интернеттің пайдасы мен зияны, желідегі қауіпсіздік ережелері, жеке бас деректерін қорғау жолдары туралы мазмұнды ой қозғап, тақырыпты жан-жақты ашуға тырысты. Байқау нәтижесінде 9 «Ә» сынып оқушысы Тохтамурат Аидина эссені талапқа сай, мазмұндық құрылымы мен ой жүйелілігін сақтай отырып, жоғары деңгейде орындады.

Аталған байқау оқушылардың жазба мәдениетін жетілдіруге, сыни ойлау қабілетін дамытуға және интернет қауіпсіздігі мәселесіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған маңызды шара ретінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *