Skip to content

«Әлемді нұрландырған әйел»

Мақсаты: Әйел-аналардың қоғамдағы және отбасындағы ерекше орнын дәріптеу, оқушылардың бойында анаға, ұстазға, жалпы нәзік жандыларға деген құрмет пен сыйластық сезімін қалыптастыру, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды насихаттау.

Мерекелік концерт барысында оқушылар аналар мен ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, әсерлі өлеңдер оқыды. Сонымен қатар, ананың мейірімі мен қамқорлығын, әйелдің қоғамдағы рөлін дәріптейтін көріністер көрсетілді. Оқушылардың жүрекжарды тілектері мен шығармашылық өнерлері көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Аталған іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық тәрбиенің құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Мерекелік концерт жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықты. Іс-шара өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *