Мақсаты: Білім алушылардың бойында ризашылық, құрмет, адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу қасиеттерін дәріптеу, сондай-ақ «Адал азамат» бағдарламасы аясында ізгі жүректі, жауапты, мәдениетті тұлға тәрбиелеу.
Мерекелік концерт барысында мектеп парламенті мүшелері ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп қызметкерлеріне алғыс білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Оқушылар патриоттық және тәрбиелік мәні бар өлеңдер оқып, ән орындап, шағын сахналық көріністер көрсетті. Концерт мазмұны ризашылық пен сыйластық тақырыбын кеңінен қамтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, көшбасшылық дағдыларын жетілдіруге және мектеп ұжымында жағымды рухани ахуал қалыптастыруға оң ықпал етті.

