Skip to content

«Әже тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» әжелермен кездесу

Мақсаты: Оқушыларға ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің маңызын түсіндіру, үлкенді құрметтеуге баулу, әжелердің өмірлік тәжірибесі арқылы адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Кездесу барысында ардақты әжелер оқушыларға өздерінің өмір жолдары, көрген-түйгендері туралы әңгімелеп, ұлттық тәрбие, отбасы құндылықтары, әдептілік пен инабаттылық жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жөнінде кеңінен мағлұмат беріп, олардың тәрбиелік мәнін түсіндірді.Оқушылар әжелерге сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Кездесу барысында мақал-мәтелдер айтылып, өнегелі әңгімелер мен тәрбиелік мәні бар кеңестер берілді. Әжелер өз немерелеріне ақ баталарын беріп, ақ тілектерін жеткізді.Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, үлкен буын өкілдеріне деген құрметтерін көрсетті. Кездесу әсерлі әрі мазмұнды өтіп, қатысушыларға ерекше тәрбиелік әсер қалдырды.Аталған шара оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттырып, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Қорытындылай келе, «Әже тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» тақырыбындағы кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *