Skip to content

«Әжелерге құрмет»

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету қасиеттерін қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әжелерге деген сыйластық пен қамқорлық сезімін арттыру.

Челлендж барысында бастауыш сынып оқушылары әжелеріне арнап жылы лебіздерін білдіріп, өлеңдер оқыды, шағын көріністер қойып, қолөнер бұйымдары мен құттықтау хаттарын ұсынды. Сонымен қатар, оқушылар әжелеріне көмектесу, қамқор болу туралы өз ойларымен бөлісіп, отбасы тәрбиесінің маңыздылығын көрсетті. Аталған іс-шара оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, ұлттық тәрбие негіздерін насихаттауға және ұрпақтар сабақтастығын дәріптеуге бағытталды. Челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Іс-шара өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *