Skip to content

«Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттар» тақырыптарындағы  сынып сағаттары

Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және оқушылардың жауапкершілік деңгейін күшейту.

Сынып сағаттары барысында «Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі», «Оқушылардың мектепке қандай заттарды әкелуіне тыйым салынады», «Білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған заттар» тақырыптары кеңінен түсіндірілді. Оқушыларға мектеп Жарғысы мен ішкі тәртіп қағидалары негізінде білім алушының құқықтары мен міндеттері, сабаққа қатысу тәртібі, мектеп мүлкін сақтау, киім үлгісін сақтау және тәртіп нормаларын ұстану талаптары таныстырылды. Сонымен қатар білім беру ұйымына әкелуге тыйым салынған заттар (суық қару, жарылғыш және тез тұтанғыш заттар, темекі өнімдері, алкогольдік ішімдіктер, есірткі заттары, электронды темекі және өзге де қауіпті құралдар) туралы нақты ақпарат беріліп, олардың адам өмірі мен денсаулығына зияны түсіндірілді. Сынып сағаттары барысында оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайлардың алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауап алды. Жалпы, өткізілген сынып сағаттары білім беру ұйымында қауіпсіз орта қалыптастыруға, оқушылардың тәртіп пен жауапкершілікке деген көзқарасын нығайтуға және «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын жүзеге асыруға бағытталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *