Мақсаты: Оқушылардың бойында адалдық, әділдік, парасаттылық секілді адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ерте жастан қалыптастыру;
12 қаңтар күні мектептің 1-11 сынып оқушыларымен бір мезетте «Біз-сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып жетекшілері оқушылырға сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны, оның түрлері, алдын алу жолдары туралы кеңінен мәлімет берді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, бейнебаяндар көрсетіліп, сұрақ-жауап және пікірталас арқылы тақырып тереңірек талқыланды. Жоғары сыныптарда «Адал болу-өзіңе сену» тақырыбында шағын эсселер жазылып, оқушылардың ойлау, талдау қабілеттері бағаланды. Іс-шара оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыруда және адал азамат ретінде дамуына ықпал етті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті

