Мақсаты: Оқушылардың бойында ұлттық құндылықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне қатысты ұлттық ерекшеліктерді насихаттау, сондай-ақ оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, қыз балалардың инабаттылық, әдептілік, сұлулық пен ұқыптылық сияқты қасиеттерін дәріптеу көзделді.
Челлендж барысында оқушылар ұлттық тәрбиені насихаттайтын түрлі шығармашылық жұмыстар мен көріністер ұсынып, белсенділік танытты. Қыз балалардың әдемі өрілген бұрымдары, ұлттық нақыштағы киім үлгілері мен әдептілікке негізделген өнерлері көрсетілді. Сонымен қатар, үзіліс уақытында оқушылар арасында көңілді ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше қызығушылықпен атсалысты. Аталған шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың эстетикалық талғамын қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Іс-шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың көңілінен шығып, өз мақсатына жетті.


