Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, қазақ халқының дәстүрлі ойындарын насихаттау, олардың тарихи-мәдени маңызын түсіндіру және білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың бойында ұйымшылдық, белсенділік, достық қарым-қатынас пен салауатты өмір салтын қалыптастыру көзделді.
Көңілді үзіліс барысында оқушылар қазақ халқының ұлттық ойын элементтерімен танысып, түрлі қызықты ойындарға белсенді түрде қатысты. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні мен рухани маңызы түсіндіріліп, оқушылар арасында сергектік пен көтеріңкі көңіл күй қалыптасты. Шара барысында оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта әрекет етуі мен ұйымшылдығы байқалды. Аталған іс-шара оқушылардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттырып, олардың рухани дүниесін байытуға және салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды. Іс-шара мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын тудырып, өз мақсатына жетті.

