МОББ АҚБББ «№ 27 Өмірзақ жалпы білім беретін мектеп» КММ – де
«DocболIike» бағдарламасын жүзеге асыруда буллингке қарсы «DocболIike» акциясы аясында «Достық қолыңды ұсын…» атты тренинг өткізілді. Мақсаты: Білім алушылар арасында өзара сыйластық, достық қарым-қатынас, қолдау көрсету мәдениетін қалыптастыру; буллингтің алдын алу; эмпатия, түсіністік және толеранттылық қасиеттерін дамыту; мектеп ортасында психологиялық қауіпсіз орта қалыптастыру.
Тренинг барысында оқушыларға достықтың құндылығы, адамгершілік қарым-қатынас нормалары, бір-біріне қолдау көрсету мен түсіністік танытудың маңызы туралы түсіндірме берілді. Психолог тарапынан арнайы психологиялық жаттығулар, сергіту ойындары, пікір алмасу және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар «Менің досым қандай болуы керек?», «Қиын жағдайда досыма қалай көмектесемін?» тақырыптарында өз ойларын ортаға салып, өмірлік жағдаяттарды талдау арқылы шешу жолдарын қарастырды. Тренинг барысында сенімді қарым-қатынас орнату, эмоцияларды басқару және жанжалдарды бейбіт жолмен шешу тәсілдері түсіндірілді.

