Skip to content

«Достық суретпен сөйлейді» сурет көрмесі

Мақсаты: Білім алушылардың бойында достық, сыйластық, өзара құрмет және ынтымақтастық құндылықтарын қалыптастыру, буллингтің алдын алу, жағымды психологиялық ахуал орнату және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрмеге 1–4 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты. Бастауыш сынып білім алушылары өз қолдарымен салған суреттері арқылы достықтың мәнін, адалдық пен қамқорлықты, бірлік пен татулықты бейнеледі. Суреттерде балалардың бірге ойнауы, бір-біріне көмектесуі, ортақ мақсатқа ұмтылуы сияқты жағымды көріністер көрініс тапты. Көрме барысында оқушыларға достық қарым-қатынастың маңыздылығы, сыныптағы жағымды орта қалыптастыру, бір-бірін қолдау және құрметтеу мәдениеті жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, акция аясында білім алушылардың өзара сенімін нығайтуға бағытталған пікір алмасулар ұйымдастырылды. Өткізілген іс-шара бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың бойында мейірімділік пен адамгершілік қасиеттердің дамуына ықпал етті. Жалпы алғанда, «Достық суретпен сөйлейді» атты сурет көрмесі «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын насихаттауға бағытталып, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *