Мақсаты: Оқушыларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, энергетикалық ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны сақтау бойынша жауапкершілік сезімін арттыру, сондай-ақ қоғамдағы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамауды насихаттау.
Акция барысында оқушылар мен мектеп ұжымы жарық өшіріп, планетамыздың экологиялық ахуалы туралы ой қозғап, энергияны үнемдеудің маңыздылығы туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, экологиялық мәселелерге байланысты бейне материалдар көрсетіліп, тақырып бойынша пікір алмасу ұйымдастырылды. Оқушылар акцияға белсенді қатысып, қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге, табиғатты таза ұстауға, үнемдеу мен қайта өңдеудің маңыздылығын түсінуге шақырылды. Шара экологиялық сананы арттыруға және жас ұрпақты табиғатты құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталды.
Қорытындылай келе, «Жер сағаты» экологиялық акциясы жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

