Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық пен міндет ұғымдарының аражігін ажырата білуге үйрету, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жауапкершілік сезімін дамыту.
8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде «Құқық пен міндет» тақырыбында маманмен кездесу өткізілді. Шара барысында Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПб аға УПИ полиция майоры:Романов Ы.А құқықтық тәрбие жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың міндеттері мен жауапкершіліктері жайында нақты заң баптарымен таныстырды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өрбіді. Оқушылар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша сауал қойып, құқықтық тұрғыда толыққанды жауаптар алды. Әсіресе жасөспірімдердің киберқауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстау тақырыптарына қызығушылық танытқаны байқалды.

