Мақсаты: Білім алушыларға туған өлкенің тарихы мен табиғатын таныту, Маңғыстау өңірінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени мұралары, табиғи байлықтары мен көрікті жерлері туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар өңірдің бірегей табиғаты, киелі орындары мен тарихи тұлғалары жайлы танымдық ақпараттар ұсынылды. Оқушылар өздері дайындаған презентациялар, өлеңдер мен шығармашылық жұмыстар арқылы туған жер туралы ой-пікірлерін ортаға салып, белсенділік танытты. Сынып сағаттары барысында түрлі сұрақ-жауап, пікір алмасу, танымдық тапсырмалар ұйымдастырылып, білім алушылардың қызығушылығы арттырылды. Аталған шара оқушылардың туған жерге деген құрметін арттырып, олардың елжандылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берілді.
Қорытындылай келе, «Маң дала, маңғаз дала – Маңғыстау» тақырыбындағы сынып сағаттары өз деңгейінде өтіп, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде бағаланды.

