Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдарын дәріптеу, наурыз көженің маңызы мен құрамын таныстыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дамыту, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрге деген құрметті қалыптастыру.
Челлендж барысында оқушылар ата-аналарымен бірлесе отырып, наурыз көжені дайындап, оның құрамына кіретін жеті түрлі дәмнің мән-мағынасын түсіндіріп, бейнероликтер мен фотосуреттер ұсынды. Қатысушылар ұлттық тағамның жасалу жолдарын көрсетіп, өз отбасындағы дәстүрлерімен бөлісті.Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әр отбасы өздерінің ерекше дайындықтарын ұсынып, челлендждің мазмұнын байыта түсті. Сонымен қатар, оқушылар бір-бірінің жұмыстарымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Аталған челлендж оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, отбасы бірлігін нығайтуға, дәстүр сабақтастығын жалғастыруға ықпал етті.
Қорытындылай келе, «Наурыз көже – 7 дәм» отбасылық челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде өз мақсатына жетті.

