Мектебімізде 21.11.2025ж күні мектеп психологтары Досболlike акциясы аясында 5-10 сынып оқушыларынан
Olweus Bullying Questionnaire буллинг сауалнамасын алды. Мақсаты — мектептердегі буллинг деңгейін анықтау.
Сауалнама оқушылардың:
буллингті қаншалықты жиі кездестіретінін;
қандай формада (физикалық, вербалды, кибербуллинг және т.б.) болатынын;
кімдердің құрбан, кімдердің буллинг жасаушы екенін;
буллинг қай жерде жиі болатынын (дәліз, сынып, аула, онлайн және т.б.);
оқушылардың қауіпсіздік сезімі мен мектептегі атмосфераны қалай қабылдайтынын анықтауға көмектеседі.Сонымен қатар 5 сыныптың бейімделуіне байланысты оқушыларға психологиялық қолдау көрсетіліп бірнеше кеңестер айтылды.