Skip to content

«Прокурор тәрбиесі» жобасы аясында «Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен құқық бұзушылықтың алдын алу»  кездесу

Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, ерте жүктіліктің алдын алу, жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Кездесуге Ақтау қаласы ПБ ҚҚБ ЮПб аға УПИ полиция майоры: Романов Ы.А  қатысып, білім алушыларға тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады. Ол жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, кәмелетке толмағандардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы түсіндірді. Сонымен қатар ерте жүктіліктің әлеуметтік және құқықтық салдарына тоқталып, болашаққа саналы қадам жасау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, өмірлік құндылықтарды сақтау қажеттігін атап өтті. Кездесу барысында оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, салауатты өмір салтын насихаттауға және қауіпсіз білім беру ортасын нығайтуға бағытталды. Мектеп әкімшілігі тарапынан құқық бұзушылықтың және ерте жүктіліктің алдын алу жұмыстары жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *