Мақсаты: Оқушылардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу, салауатты болашаққа жауапкершілікпен қарауға үйрету. Электрондық темекі мен синтетикалық есірткілердің қауіптілігі туралы ғылыми әрі нақты түсінік қалыптастыру.
Мектебімізде 19 қаңтар күні 1-11 сынып оқушылары арасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Салауатты өмір-жарқын болашақ», «Жаман әдет-жарға жығады», «Электрондық темекі және синтетикалық есірткі туралы мифтер мен шындық» тақырыптары бойынша сынып сағаты өткізілді. Сынып жетекшілері бейнероликтер көрсетіп, ашық пікір алмасу форматында дәріс жүргізді. Оқушылар зиянды заттардың ағзаға әсері, олардың құқықтық және әлеуметтік салдары жөнінде жан-жақты мағлұмат алды. Әсіресе жасөспірімдер арасында жиі кездесетін электронды темекі мен синтетикалық заттарға қатысты жалған ақпараттар мен мифтерге түсініктеме берілді.

