Skip to content

«Сен және заң» тақырыбында тренинг

Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң алдындағы жауапкершілік сезімін арттыру, заңды білу мен сақтау-әрбір азаматтың міндеті екенін түсіндіру.

Мектебімізде 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен «Сен және заң» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ильмурадова Ж.К мен        Бек Д.Қ , мектеп педагог-психологы Айткулова А.К және сынып жетекшілері қатысты. Тренинг барысында оқушылармен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың түрлері, заң алдындағы жауапкершілік, жеке құқықтар мен міндеттер туралы пікір алмасу өтті. Педагог-психолог құқықтық тәрбие мен тұлғалық жауапкершілік, мінез-құлық мәдениеті туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Оқушылар түрлі жағдайларға байланысты құқықтық сауаттылықты арттыру жөнінде сұрақтар қойып, заң аясында өз пікірлерін білдіріп, белсенділік танытты. Сынып жетекшілері құқықтық нормаларды сақтау-қоғамға деген құрметтің көрінісі екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *