Мақсаты: Ұстаз еңбегін қадірлеу, педагог мәртебесін арттыру, білім алушылардың бойында құрмет, алғыс айту мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік қасиеттерді нығайту болды.
Челлендж аясында оқушылар өздерінің сүйікті ұстаздарына арнап алғыс хаттар жазып, жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар сыныптар тарапынан бейнеқұттықтаулар әзірленіп, онда мұғалімдердің еңбегі мен тәлім-тәрбиесі туралы жүрекжарды пікірлер айтылды. Кейбір сыныптар әлеуметтік желіде эстафеталық форматта челлендж жалғастырып, ұстаздарға арналған ізгі тілектерін жолдады. Шара барысында ұстаздың қоғамдағы орны, олардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі жауапты рөлі кеңінен насихатталды. Оқушылар мұғалімге деген құрмет тек мерекелік күндермен шектелмей, күнделікті қарым-қатынаста да көрініс табуы керектігін атап өтті.
Іс-шара қорытындысында білім алушылардың ұстаз еңбегіне деген ризашылығы артып, сыйластық пен жауапкершілік сезімі қалыптасты. «Ұлағатты ұстазға құрмет» челленджі мектеп ұжымында жағымды рухани орта қалыптастыруға және жас ұрпақтың ізгілік құндылықтарын нығайтуға ықпал етті.


