Skip to content

«Жасанды интелект-оқушының көмекшісі ме, әлде білімге қауіп пе?» тақырыбында дебат

Мақсаты: Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөліне жан-жақты талдау жасау арқылы оның мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін саралай білуге үйрету, өз ойын дәлелді әрі мәдениетті түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

Ағымдағы жылдың 06 ақпан  күні «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 11 А сынып оқушылары арасында «Жасанды интелект – оқушының көмекшісі ме, әлде білімге қаіп пе?» тақырыбында дебат өтті.

Дебаттың мақсаты:

  1. Сыни ойлау дағдыларын дамыту: Оқушыларды өз пікірлерін қорғауға және қарсы пікірлер мен аргументтерді талдауға шақыру.
  2. Жасанды интеллекттің білім саласындағы рөлін талқылау: Оқушылар жасанды интеллекттің оқу процесіне әсерін, сондай-ақ оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырды.
  3. Командалық жұмысты күшейту: Оқушылар топта жұмыс істей отырып, пікір алмасу дағдыларын жақсартты.
  4. Технологиялық сауаттылықты арттыру: Жасанды интеллекттің заманауи білім беру жүйесінде қалай қолданылатыны мен оның болашағы жөнінде ақпарат алмасу.

Дебат: Дебат екі командаға бөлініп, әр команда өз көзқарасын қорғап, қарсы команданың пікірлеріне жауап берді. Командалар аргументтер, мысалдар және статистикалық деректер келтіре отырып, қатысушылардың назарын аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *