Оқушылар арасындағы 748 қаулы негізіндегі Балаларды зорлық зомбылықтан қорғау суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбы аясында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: Білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, балалардың қауіпсіз ортада өмір сүру құқығын түсіндіру, зорлық-зомбылықтың алдын алу, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойы мен сезімін сурет арқылы еркін жеткізуіне мүмкіндік беру көзделді.
Байқауға 1–4 сынып оқушылары белсенді қатысып, «бақытты балалық шақ», «қауіпсіз мектеп», «мейірімді әлем», «достық пен қамқорлық» тақырыптарында суреттер салды. Әрбір жұмыс бала жүрегіндегі тазалықты, мейірімділік пен бейбіт өмірге деген ұмтылысты көрсетті. Оқушылар зорлық-зомбылықсыз қоғам құрудың маңызын өз шығармалары арқылы бейнелеп, өз ойларын ашық жеткізе білді.

