Skip to content

«Біз әртүрліміз, бір теңбіз» сынып сағаты

Мақсаты: Білім алушылардың бойында толеранттылық, өзара құрмет, теңдік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, әртүрлі мәдениет пен көзқарасқа түсіністікпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ ұжымдағы бірлік пен достықты нығайту болып табылады.

Іс-шара барысында оқушыларға «әртүрлілік» және «теңдік» ұғымдарының мәні түсіндіріліп, қоғамдағы барлық адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің тең екендігі туралы ақпарат берілді. Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар орындап, топтық жұмыстар арқылы бір-бірінің пікірін тыңдауға, құрметтеуге және қолдауға дағдыланды. Сынып сағаты аясында пікірталас, сұрақ-жауап, тренинг элементтері ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ашық жеткізді. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша талқылау жүргізілді. Бұл оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, тақырыпты терең түсінуіне мүмкіндік берді. Іс-шараға сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілерінің жетекшілігімен жүзеге асырылды. Қорытындылай келе, «Біз әртүрліміз, бір теңбіз» тақырыбындағы сынып сағаты оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *