Мақсаты: Білім алушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға баулу, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ мектеп түлектерінің білім ордасына деген құрметі мен қамқорлығын нығайту болып табылады.
Экочеллендж барысында мектеп түлектері белсенділік танытып, мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызды. Ағаш егу жұмыстары алдын ала жоспарланып, белгіленген аумақтарда жүргізілді. Түлектер өз қолдарымен отырғызған ағаштарына күтім жасау қажеттілігі жөнінде түсіндірме алып, табиғатты аялаудың маңыздылығын терең түсінді. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және білім алушылар да қатысып, түлектердің игі бастамасына қолдау көрсетті. Бұл шара ұжымдық еңбектің нәтижесінде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар арасында ынтымақтастық пен бірлікті нығайтты. Сонымен қатар, экочеллендж аясында қоршаған ортаны қорғау, көгалдандыру жұмыстарының маңыздылығы туралы насихат жүргізіліп, оқушыларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдары көрсетілді. Қорытындылай келе, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджі өз мақсатына жетіп, мектептің жасыл аймағын кеңейтуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және өскелең ұрпақты табиғатты сүюге тәрбиелеуге бағытталған тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде бағаланды.

