Skip to content

«Қарттар біздің қазынамыз»

Мақсаты: Оқушыларға қарт адамдардың қоғамдағы орны мен еңбегін түсіндіру, аға буын өкілдеріне құрмет көрсету дәстүрін дәріптеу, үлкенді сыйлау, ізет білдіру, қамқорлық жасау сияқты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру.

Сынып сағаттары барысында білім алушыларға қарттық кезеңнің қадір-қасиеті, ата-әже өнегесінің бала тәрбиесіндегі маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар үлкендерден көрген тәрбиесі, ақыл-кеңесі мен өмірлік тәжірибесі туралы өз ойларын ортаға салып, қарт жандарға деген құрметтерін білдірді. Бастауыш сыныптарда оқушыларға ата-әжені құрметтеу, оларға көмектесу, ізет көрсету жөнінде тәрбиелік әңгімелер жүргізіліп, тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер айтылды. Жоғары сынып оқушылары қарт адамдардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі туралы пікір алмасты. Сынып сағатында «Үлкенге құрмет – кішіге міндет», «Қариясы бар үйдің – қазынасы бар» сынды халық даналығының мәні түсіндіріліп, оқушыларды үлкендерге әрдайым құрметпен қарап, олардың ақ батасы мен ақыл-кеңесін бағалауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *