Skip to content

«Қайырымдылық жәрмеңкесі» 

Мақсаты: Оқушыларды қайырымдылық пен ізгілікке баулу, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған қоғамдық бастамаларға белсенді қатыстыру, мейірімділік пен жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру, қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыру.

 5–11 сынып оқушылары өз қолдарымен дайындаған түрлі тәтті тағамдар, нан-тоқаш өнімдері, ұлттық тағамдар, қолдан жасалған бұйымдар және басқа да өнімдерді жәрмеңкеге ұсынды. Оқушылар жәрмеңкеге белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ұйымдастырушылық дағдыларын көрсетті. Іс-шара барысында білім алушыларға қайырымдылықтың мәні, қоғамдағы өзара көмек пен қолдаудың маңызы туралы түсіндіріліп, «Жақсылық жасау – адамдықтың белгісі», «Қайырымдылық – жүректен» қағидаттары негізінде тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жүргізілді. Жәрмеңкеге қатысқан оқушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ іске жауапкершілікпен қараудың үлгісін танытты. Сонымен қатар іс-шара оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке және ізгілікке тәрбиелеуге бағытталды. «Қайырымдылық жәрмеңкесі» акциясы өзара көмек пен мейірімділікті дәріптейтін, білім алушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға ықпал ететін тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде ұйымдастырылды. Акция барысында оқушылар қайырымдылық жасау арқылы қоғамға пайдалы болудың маңызын түсініп, игі іске өз үлестерін қосты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *