Skip to content

«Бақытты отбасы-салауатты болашақ»

Мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • отбасының қоғамдағы маңызды рөлін насихаттау;
  • ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен сенімді нығайту;
  • отбасылық бірлік пен ынтымақтастықты қалыптастыру;
  • балаларды салауатты өмір салтына баулу;
  • қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру;
  • ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатысуға тарту;
  • оқушылардың ұйымшылдық, шапшаңдық, ептілік және тапқырлық қабілеттерін дамыту;
  • отбасымен бірге уақыт өткізудің маңыздылығын көрсету.

Іс-шара барысында қатысушы отбасыларға турнирдің мақсаты мен ережелері түсіндіріліп, жарыс кезеңдері таныстырылды. Отбасылар өзара достық бәсекелестік жағдайында бақ сынасып, әр кезеңде ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Турнир 5 турдан тұрды. Әр турда ата-аналар мен балалар бірлесіп тапсырмаларды орындап, өзара қолдау көрсетті. Жарыс барысында қатысушылардың белсенділігі, ептілігі, жылдамдығы, тапқырлығы және топпен жұмыс жасай білу қабілеті бағаланды. Турнирдің барлық кезеңдері бойынша жиналған ұпайлар есептеліп, отбасылардың жалпы нәтижелері анықталды.

Жоғары ұпай жинап, жүлделі орындарға ие болған отбасылар:

🥇 І орын – Өтегеновтар отбасысы

🥈 ІІ орын – Сисекеновтар отбасысы

🥉 ІІІ орын – Тәжібаевтар отбасысы

Жүлделі орындарға ие болған отбасыларға алғыс білдіріліп, белсенді қатысушылардың еңбегі атап өтілді. Қазақстандағы «Отбасы күніне» орай өткізілген «Бақытты отбасы – салауатты болашақ» тақырыбындағы отбасылық турнир өз мақсатына сай жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігімен ерекшеленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *