Мақсаты: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әке мен бала: сенім көпірі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Шараның негізгі мақсаты — әкелер мен балалар арасындағы байланыс пен сенімді арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, әке рөлінің маңызды екендігін көрсетіп, мектеп қауымдастығында түсіністік пен ынтымақтастықты күшейту.
Ашық есік күні аясында түрлі интерактивті іс-шаралар, әкелер мен балалар арасындағы диалогтар, пікірталастар мен ойындар ұйымдастырылды. Шараға мектептің барлық мұғалімдері, оқушылары және ата-аналар қатысып, әкелердің қатысуымен өткізілген сабақтар мен тренингтерге назар аударылды.
Шараның қорытындысы бойынша мектепішілік шараларға белсене қатысқан әкелерге арнайы марапаттар табыс етілді. Марапатталған әкелер тізімі:
- Исабай Х.
- Бакишов И.
- Шукуров Е.
- Таджиев С.
- Айтжанов Б.
- Джамбузов Р.
Шараның нәтижелері бойынша, қатысушылар ерекше әсер алып, отбасы құндылықтарын нығайтуға, әкелер мен балалар арасындағы байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік туды. Аталған іс-шараның жоба аясында өткізілетін келесі шаралары да негізінен балалар мен ата-аналардың қатысуымен іске асырылатын болады.

