Skip to content

Анаммен  өткізген бір күнім

Мақсаты: Оқушылардың бойында ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін арттыру, отбасы құндылықтарын дәріптеу, ананың қоғамдағы және отбасындағы рөлін насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақты мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Челлендж барысында білім алушылар аналарымен бірге өткізген бір күндерін бейнеролик форматында түсіріп, ана еңбегін, күнделікті тіршіліктегі жанашырлығын, отбасындағы жылулық пен бірлікті көрсетті. Оқушылар өз жұмыстарында ананың қамқорлығы мен еңбегін бағалай білудің маңыздылығын атап өтіп, шынайы ризашылықтарын білдірді. Ұсынылған бейнематериалдар мазмұны жағынан тәрбиелік мәнге ие болып, отбасы мүшелері арасындағы сыйластық пен түсіністікті айқындады. Іс-шара оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайтуға бағытталды. Челлендж жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Іс-шара өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *