Skip to content

«Атадан-өсиет, анадан-қасиет» тақырыбында сынып сағаты

Мақсаты: Білім алушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-баба өсиеті мен ана тәрбиесінің маңызын түсіндіру, отбасылық тәрбие арқылы адамгершілік, ізгілік, сыйластық қасиеттерді қалыптастыру, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулу.

Іс-шара барысында оқушылар атадан қалған нақыл сөздер мен өсиеттердің мән-мағынасын талдап, ана тәрбиесінің адам өміріндегі орны туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты бейнематериалдар көрсетіліп, мақал-мәтелдер айтылып, көріністер ұйымдастырылды. Оқушылар өз отбасындағы тәрбиелік құндылықтар жөнінде әңгімелеп, пікір алмасуға белсене қатысты. Сынып сағаты барысында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтардың сабақтастығы кеңінен насихатталып, оқушылардың бойында ата-анаға деген құрмет, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдері нығая түсті. Іс-шара соңында оқушылар өз ойларын қорытындылап, алған әсерлерімен бөлісті. Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды деңгейде ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *