Skip to content

«Буллингсіз мектеп» челлендж

Мақсаты: Білім алушылар арасында буллингтің алдын алу, өзара құрмет пен сыйластық мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасын нығайту, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Челлендж барысында оқушылар буллинг ұғымының мәні, оның түрлері мен салдары туралы ақпарат алып, жағымды қарым-қатынас орнатудың маңыздылығы жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, оқушылар достықты, бірлікті, қолдауды насихаттайтын ұрандар айтып, қысқаша бейнероликтер мен шығармашылық жұмыстар дайындады. Іс-шара аясында білім алушыларға буллинг жағдайында қалай әрекет ету керектігі, мектеп психологына немесе сенім телефондарына жүгіну жолдары түсіндірілді. Оқушылар бір-біріне қолдау көрсету, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу және сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша өз ойларын ортаға салды. Жалпы, «Буллингсіз мектеп» челленджі оқушылардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, достық пен өзара құрмет құндылықтарын нығайтуға бағытталып, тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шара нәтижесінде білім алушылар буллингке қарсы тұрудың және мейірімді орта қалыптастырудың маңызын түсінді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *