Мақсаты: Оқушыларды дос болудың, бірге болудың, өзара көмектесудің маңыздылығын түсіндіру. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беру, фотоөнер арқылы өз ойларын жеткізу.Оқушылардың командалық жұмыстарын дамыту, ынтымақтастыққа және өзара түсіністікке ынталандыру.Жас буынды адамгершілік құндылықтарға, мейірімділікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрмеге 1-8 сыныптар арасында ұйымдастырылған түрлі фотосуреттер ұсынылды. Оқушылар достықтың жарқын сәттерін, эмоцияларын және қарым-қатынастарын көрсететін фотосуреттер түсіріп, көрмеге қойды. Көрме барысында жиналған қауым жас суретшілердің жұмыстарына баға беріп, олардың шығармашылық жұмыстарын тамашалады. Сонымен қатар, достықтың маңыздылығы туралы әңгімелер тыңдалды, бұл шара балалардың рухани және адамгершілік тұрғыдан дамуына үлкен ықпал етті. Көрмеге қатысушылар өмірде достықтың, өзара түсіністіктің және жарасымдылықтың маңыздылығын түсініп, осы құндылықтарды күнделікті өмірлеріне енгізуге ынталы болды.

