Skip to content

«Қауіпсіз интернет» тақырыбындағы дөңгелек үстел

Мақсаты: Білім алушылардың ақпараттық қауіпсіздік туралы түсінігін кеңейту, интернет желісін тиімді әрі қауіпсіз пайдалану мәдениетін қалыптастыру, жеке деректерді қорғау, кибербуллинг пен интернет-тәуелділіктің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Дөңгелек үстел барысында 11-сынып жетекшісі Қалабаева Г.Қ оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, әлеуметтік желілердегі әдеп нормалары, жеке мәліметтердің құпиялылығы және заң алдындағы жауапкершілік туралы мазмұнды түсіндірме жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, желідегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне тоқталып, нақты мысалдар арқылы ақпарат берді.

Оқушылар өз ой-пікірлерін еркін білдіріп, интернеттің пайдасы мен зияны жөнінде тұжырым жасады. Талқылау барысында қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, тақырыпты жан-жақты ашуға белсенділік танытты.

Өткізілген дөңгелек үстел оқушылардың цифрлық мәдениетін қалыптастыруға, саналы және жауапты интернет қолданушы болуға тәрбиелеуге бағытталған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *