Мақсаты: Білім алушыларға қоғамдық мүліктің маңыздылығын түсіндіру, оны қорғауға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру, ұқыптылық пен үнемшілдікке тәрбиелеу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықтарын арттыру болып табылады.
Іс-шара барысында оқушыларға қоғамдық мүлік ұғымы, оның түрлері мен қоғам өміріндегі орны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мектептегі парталар, кітаптар, спорттық құрал-жабдықтар, сынып бөлмелері мен ортақ пайдаланылатын нысандарды күтіп ұстау қажеттілігі кеңінен талқыланды. Оқушылар түрлі жағдаяттық тапсырмалар мен пікір алмасу арқылы қоғамдық мүлікке зиян келтірудің салдары жөнінде өз ойларын ортаға салды. Сынып сағаты барысында бейнероликтер көрсетіліп, тақырыпқа байланысты сұрақ-жауап, талқылау жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар өз ұсыныстарын білдіріп, мектеп мүлкін сақтау мен қорғау бойынша нақты ой-пікірлерін жеткізді. Іс-шараға сынып оқушылары толық қамтылып, ұйымдастыру жұмыстары сынып жетекшілерінің жетекшілігімен жүзеге асырылды. Қорытындылай келе, «Қоғамдық мүлікті қорға!» тақырыбындағы сынып сағаты оқушылардың жауапкершілік қасиеттерін арттыруға, қоғамдық құндылықтарды құрметтеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарған, мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде бағаланды.

