Skip to content

«Маңғыстау-тарихи-мәдени мұралар мекені» тақырыбында кездесу

Мақсаты: Білім алушыларға Маңғыстау өңірінің тарихи-мәдени мұралары туралы кеңінен мағлұмат беру, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру, сондай-ақ туризм саласы арқылы кәсіптік бағдар беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт-бағдар көрсету.

Аталған кездесуге туризм саласында қызмет атқаратын «Caspian Holiday» туроператорлық компаниясының өкілдері шақырылды. Атап айтқанда, компанияның бас директоры Мухашов Е.Р. және даму жөніндегі директордың орынбасары Ниязбеков С.С. қатысты. Кездесу барысында қонақтар оқушыларға Маңғыстау өңірінің бірегей тарихи-мәдени орындары, киелі мекендері мен табиғи ерекшеліктері туралы мазмұнды ақпарат берді. Сонымен қатар, туризм саласының қазіргі даму бағыттары, осы салада сұранысқа ие мамандықтар, кәсіби біліктілік талаптары және болашақта аталған салада еңбек ету мүмкіндіктері жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушылар қонақтарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу мазмұнды, танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Аталған кездесу оқушылардың туған өлке тарихына деген қызығушылығын арттырып, туризм саласына қатысты кәсіби бағыт-бағдар алуына ықпал етті. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шараларды алдағы уақытта да жалғастыру жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *