Мақсаты: Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене белсенділігін арттыру, спортқа деген қызығушылығын ояту, сондай-ақ ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, төзімділікке тәрбиелеу болып табылады.
Эстафеталық ойындарға мектеп оқушылары белсенді қатысып, түрлі командаларға бөлініп, өзара сайысқа түсті. Ойын барысында оқушылар жылдамдық, ептілік, дәлдік сияқты қабілеттерін көрсетіп, әр кезеңнен жоғары белсенділікпен өтті. Қатысушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптасып, әділ бәсекелестік сақталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, спорттық рухын нығайтты. Сонымен қатар, мұндай жарыстар оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуға үлкен ықпал ететіні байқалды.
Қорытындылай келе, «Спорт – денсаулық негізі» эстафеталық ойындары өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні жоғары іс-шара ретінде бағаланды.

