Шараның мақсаты – оқушыларды Жамбылдың шығармашылық мұрасымен таныстыру, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру, ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру.Іс-шара барысында ақынның өмірі мен еңбектері туралы бейнематериал көрсетіліп, өлеңдері мәнерлеп оқылды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға таныстырылым жасалды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, шығармашылық белсенділік танытты.

