Skip to content

«Қамқор» жобасы: «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз»

04 желтоқсан күні мектебімізде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасы аясында «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» атты экологиялық акциясы өткізілді. Акция барысында мектеп парламенттері мен белсенді оқушылар мектеп ауласының айналасына тазалық жұмыстарын жүргізіп, ағаштар мен жасыл желектердің түбін қопсытып, қоқыс қалдықтарын жинады. Сонымен қатар, оқушылар экологиялық қауіпсіздік, табиғатты қорғау, тазалық сақтау туралы өз ойларымен бөлісіп, экологиялық мәдениетті насихаттайтын үнпарақтар таратты. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың табиғатқа деген жанашырлық сезімдерін оятуға, экологиялық сауаттылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Акция оқушылардың өз ортасына деген жауапкершілігін арттырып, ел болашағы – жас ұрпақтың экологиялық тәрбиесіне ықпал етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *