Оқушыларға Алғыс айту күнінің мәні мен маңызын түсіндіру, ризашылық пен құрмет сезімдерін қалыптастыру, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу құндылықтарын дәріптеу, ел бірлігі мен татулығын насихаттау.
Сынып сағаттары жас ерекшеліктеріне сай тақырыптарда ұйымдастырылды:
- 1–4 сыныптарда – «1 Наурыз – Алғыс айту күні»;
- 5–8 сыныптарда – «Алғыс айту, рақмет айту, ризашылық білдіру»;
- 9–11 сыныптарда – «Алғыс айту күні: тарихы мен тағылымы».
Бастауыш сынып оқушылары алғыс сөздерінің мағынасы туралы әңгімелеп, ата-аналарына, ұстаздарына және достарына арналған тілектерін білдірді. Орта буын оқушылары ризашылықтың адам өміріндегі орны туралы пікір алмасып, көріністер мен шығармашылық жұмыстар ұсынды. Жоғары сынып оқушылары мерекенің тарихи негізіне тоқталып, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағы туралы мазмұнды баяндамалар жасап, презентациялар қорғады. Сынып жетекшілері тақырыпқа сай слайдтар көрсетіп, тәрбиелік мәні зор мәліметтер берді. Іс-шара барысында оқушылардың белсенділігі байқалып, өз ойларын еркін жеткізуіне мүмкіндік жасалды. Өткізілген сынып сағаттары оқушылардың бойында адамгершілік, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған маңызды тәрбиелік шара ретінде өз мақсатына жетті.


