Skip to content

«Ардагерлерге құрмет-ұрпаққа аманат»

Мақсаты: Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ардагерлерге құрмет көрсету мәдениетін дамыту, үлкенге ізет, кішіге қамқор болу қағидаттарын дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту.

Акция барысында тәлімгер Бахтжанова А.С және МДТІЖО Бек Д.Қ оқушыларға бағыт-бағдар беріп, ардагерлерге қолдау көрсетудің маңыздылығын түсіндірді. Оқушылар ардагерлерге құрмет білдіріп, қамқорлық шараларына атсалысты, жылы лебіздерін жеткізіп, көмек қолын созды. Шара барысында ардагерлердің ерлігі мен еңбегі туралы тағылымды әңгімелер айтылып, олардың өмір жолы жас буынға үлгі ретінде насихатталды. Бұл акция оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, тарихи сананы қалыптастыруға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етті. Жалпы алғанда, «Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа аманат» қамқорлық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор іс-шара ретінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *