Skip to content

«Ашық микрофон: менің ойым» диалог алаңы

Мақсаты: Білім алушылардың еркін пікір білдіру мәдениетін қалыптастыру, өз ойын ашық әрі дәлелді жеткізу дағдыларын дамыту, мектепте қолайлы психологиялық ахуал орнату, сондай-ақ өзара құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынасты нығайту.

Диалог алаңын МДТІЖО Бек Д. және мектеп психологы Айткулова А. ұйымдастырып, жүргізді. Шара барысында оқушылар мектеп өмірі, достық қарым-қатынас, буллингтің алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттері туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Оқушыларға еркін форматта сөйлеу мүмкіндігі беріліп, ұсыныстары мен мәселелері тыңдалды. Психолог тарапынан білім алушылардың эмоционалдық жағдайын қолдауға бағытталған кеңестер ұсынылды. Сонымен қатар өзара сыйластық, төзімділік, жауапкершілік және адалдық құндылықтары кеңінен насихатталды.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ашық пікір алмасу жүргізді. Диалог алаңы білім алушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыруға, сыни ойлау қабілетін дамытуға және мектептегі жағымды психологиялық орта нығаюына ықпал етті. Жалпы алғанда, «Ашық микрофон: менің ойым» диалог алаңы қойылған мақсат-міндеттерге сай жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік маңызы зор іс-шара ретінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *