Skip to content

«Ерлік-ел есінде» тақырыбында кездесу

Мақсаты: Оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел қорғаған азаматтардың ерлігін насихаттау, тарихи оқиғалардың мәнін түсіндіру және жас ұрпақты бейбіт өмірдің қадірін бағалауға тәрбиелеу.

Іс-шараға Тәжік-Ауған соғысының ардагерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сарбаздары және ҚР ҚАЖ департаментінің №43 мекеме қызметкерлері арнайы қатысып, өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Қонақтар Ауған соғысының тарихи кезеңдері, әскери борыштың маңызы, ерлік пен батылдықтың мәні туралы мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, батырлық пен жауапкершілік жайында пікір алмасты. Ардагерлер жастарға елін сүю, Отан алдындағы парызды адал орындау, бейбітшілікті сақтау жөнінде тағылымды ой-пікірлерін жеткізді. Аталған іс-шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетуге және ұлттық рухты нығайтуға бағытталған тәрбиелік маңызы зор кездесу ретінде жоғары деңгейде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *