Мақсаты: Білім алушыларға Ауған соғысының тарихи маңызын түсіндіру, Отан алдындағы борышын өтеген азаматтардың ерлігін құрметтеу, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру және тарихқа тағзым ету мәдениетін дамыту.
Сынып сағаттары барысында әр сыныптың жетекшілері Ауған соғысының шығу себептері, оның зардаптары мен тарихи салдары туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты слайдтық таныстырылымдар көрсетіліп, деректі мәліметтер мен тарихи фактілер ұсынылды. Оқушылар соғыс ардагерлерінің ерлігі мен тағдыры туралы мағлұмат алып, бейбіт өмірдің қадірін түсіну қажеттілігі жөнінде ой бөлісті. Шара барысында оқушыларға ел тәуелсіздігі мен бейбітшіліктің маңыздылығы, ардагерлерге құрмет көрсету, тарихи сананы қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Пікір алмасу ұйымдастырылып, білім алушылар өз көзқарастарын білдірді. Жалпы алғанда, өткізілген сынып сағаттары тәрбиелік маңызы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың патриоттық рухын нығайтуға, тарихи санасын қалыптастыруға және ел тарихына құрметпен қарауға бағытталды.


