Skip to content

«SMART BALA» жобасы аясында «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» атты сынып сағаты

Мақсаты: Білім алушылардың цифрлық және құқықтық сауаттылығын арттыру, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет етуге үйрету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін білуге тәрбиелеу және өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын дамыту.

Атап айтқанда, «Цифрлық әлемге қауіпсіз қадам» тақырыбында сынып сағаты ұйымдастырылып, оқушыларға интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелері, кибербуллингтің алдын алу жолдары, жеке деректерді қорғау, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану мәдениеті туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сынып сағаты барысында білім алушыларға цифрлық ортадағы жауапкершілік, ақпараттық қауіпсіздік, зиянды контенттен қорғану және алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары жан-жақты түсіндірілді. Практикалық мысалдар келтіріліп, оқушылардың пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар, «Жедел қызметтер мен байланыс орталықтарының телефон номерлері», «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің номерлері» тақырыптарында да сынып сағаттары өткізілді. Аталған іс-шаралар барысында білім алушыларға төтенше жағдайлар кезінде хабарласатын жедел қызмет нөмірлері (101 – өрт сөндіру қызметі, 102 – полиция, 103 – жедел жәрдем, 104 – газ қызметі, 112 – бірыңғай құтқару қызметі) және республикалық, өңірлік сенім телефондары туралы ақпарат берілді. Оқушыларға қиын жағдайға тап болған сәтте немесе құқықтарының бұзылуы, зорлық-зомбылық, буллинг фактілері орын алған жағдайда хабарласуға болатын сенім телефондарының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен бірге балалар мен жасөспірімдерге арналған ұлттық сенім телефондары (111 – Бірыңғай ұлттық сенім телефоны) туралы мәліметтер беріліп, олардың құпиялылығы мен қолжетімділігі атап өтілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *