Skip to content

«Егер мен директор болсам…» жобасы

Мақсаты: Білім алушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, басқару мәдениеті мен жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мектеп өміріне қатысты өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдары бойынша тың идеялар ұсынуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, оқушылардың сыни ойлау, шығармашылық ізденіс және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын жетілдіру көзделді.

Жоба барысында қатысушылар «Егер мен директор болсам…» тақырыбында презентация, бейнеролик немесе авторлық жоба қорғау форматында өз ұсыныстарын таныстырды. Оқушылар мектептің оқу-тәрбие процесін жетілдіру, тәртіп пен қауіпсіздік, мектеп мәдениетін дамыту, оқушылардың құқықтары мен міндеттері, заманауи технологияларды енгізу бағытында нақты ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар өз ойларын еркін жеткізіп, мектептің дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін көрсетті. Жоба оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, бастамашылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге ықпал етті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік және танымдық маңызы зор жоба ретінде өткізілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *