Мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, кітапхана қорын толықтыру және қайырымдылық мәдениетін қалыптастыру. Сонымен қатар жас ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамытуға ықпал ету көзделді.
Челлендж барысында 8–11 сынып оқушылары мектеп кітапханасына көркем әдебиет, танымдық және ғылыми бағыттағы кітаптарды сыйға тартты. Оқушылар бұл бастамаға белсенді қатысып, өздерінің оқыған және мазмұны құнды деп таныған кітаптарын тарту етті.
Іс-шараға сынып жетекшілері, мектеп кітапханашысы Уалибаева Б., сондай-ақ Мектеп Парламентінің оқушылары атсалысып, челлендждің ұйымдастырылуы мен насихатталуына үлес қосты. Кітапханашы тарапынан сыйға берілген кітаптардың маңыздылығы айтылып, оқушыларға алғыс білдірілді. Шара барысында кітаптың адам өміріндегі рөлі, білім мен рухани дамудағы орны туралы пікірлер айтылып, оқушылар арасында кітап оқуды дәріптеу мәселесі кеңінен қозғалды. Жалпы алғанда, «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың мәдени-рухани дамуына, кітапхана қорын байытуға және оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

