Skip to content

Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа 40 жыл

Мақсаты: Оқушыларға Чернобыль апатының тарихи және экологиялық салдары туралы кеңінен мағлұмат беру, радиациялық қауіпсіздік туралы түсінік қалыптастыру, апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін дәріптеу және жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Кездесуге майор, ардагер шекара қызметі Кашако Амангелді мырза және МВД майор юстициясы Ақмұратов Нұрлан мырза арнайы қатысып, оқушылармен мазмұнды сұхбат жүргізді. Қонақтар Чернобыль апатының зардаптары, оның адам өмірі мен қоршаған ортаға тигізген әсері, сондай-ақ апат салдарын жоюға қатысқан азаматтардың батылдығы мен жанқиярлық еңбегі туралы әсерлі әңгіме өрбітті.

Шара барысында оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, радиациялық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер мен азаматтық борыш туралы пікір алмасты. Кездесу оқушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, экологиялық мәдениетін арттыруға және елге қызмет еткен азаматтарға құрмет көрсетуге бағытталды. Өткізілген кездесу тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі тағылымды іс-шара ретінде ұйымдастырылып, өз мақсатына жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *