Мақсаты: Білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі рөліне жан-жақты талдау жасау арқылы оның мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін саралай білуге үйрету, өз ойын дәлелді әрі мәдениетті түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Ағымдағы жылдың 06 ақпан күні «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында 11 А сынып оқушылары арасында «Жасанды интелект – оқушының көмекшісі ме, әлде білімге қаіп пе?» тақырыбында дебат өтті.
Дебаттың мақсаты:
- Сыни ойлау дағдыларын дамыту: Оқушыларды өз пікірлерін қорғауға және қарсы пікірлер мен аргументтерді талдауға шақыру.
- Жасанды интеллекттің білім саласындағы рөлін талқылау: Оқушылар жасанды интеллекттің оқу процесіне әсерін, сондай-ақ оның артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастырды.
- Командалық жұмысты күшейту: Оқушылар топта жұмыс істей отырып, пікір алмасу дағдыларын жақсартты.
- Технологиялық сауаттылықты арттыру: Жасанды интеллекттің заманауи білім беру жүйесінде қалай қолданылатыны мен оның болашағы жөнінде ақпарат алмасу.
Дебат: Дебат екі командаға бөлініп, әр команда өз көзқарасын қорғап, қарсы команданың пікірлеріне жауап берді. Командалар аргументтер, мысалдар және статистикалық деректер келтіре отырып, қатысушылардың назарын аударды.

